Текст
2017 жылдың 14-желтоқсанында Өрнек орта
мектебінде «Дарынды оқушылармен жұмыс жасау жолдары және нәтижелілігі» деген
тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарымыздың құрметті қонағы Аудандық әдістемелік бөлімнің әдіскері Ханша
Ақтышқанқызы болды. Семинар барысында мектебіміздің қазақ тілі және қазақ
әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мухамеджанова Т.Н. ашық сабақ, ал мектебіміздің
жас мамандары Мейрам Ж және Дүйсенбаева Н.Б. ашық тәрбие сағатын өткізді.
Ауданның әр жерінен келген ұстаздар тәжірибе алмасып, мектеп жетістіктері жайлы
сөз етіп, дайындаған баяндамаларын оқыды.