Текст
Өрнек орта мектебінің Тілдер онкүндігінің өткізілген іс-шаралары
туралы есеп
2018-2019 оқу жылы
2018 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында Өрнек
орта мектебінде «Тілдер онкүндігі» өткізілді. Барлық белгіленген күндерге,
жоспар құрастырылып мектеп директорымен бекітілді. «Тілдер онкүндігі»
мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін қамтып өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың тілдерге
қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Онкүндік жоспары
бойынша әрбір сынып оқушылары түрлі іс-шаралармен танысу. 5 қыркүйек күні
тілдер онкүндігінің салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әнұранымен ашылды. Оқушылар әр тілде тақпақ, өлеңдер айтты.