Текст
2019 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында Өрнек орта мектебінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты - оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқа да көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауына жол бермеу.
Мектепте ақпараттық стенд жасалып, онда ата-аналарға «Мектепке жол» акциясына көмектесу туралы үндеу жолданды. Көмек ретінде балаларға киім, аяқ киім, оқу құралдары және т.б. таратылды.