Текст
Бүгін 11:00 де Өрнек орта мектебінің ұжымының қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Н.Б өткізді. Адалдық сағаты Елбасымыз Н.Ә Назарбаев пен президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзімен басталды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫның мақсатымен таныстырып қысқаша мәліметтер берілді.Адалдық сағатында арнайы стенд жасалып видео роликтер көрсетілді және мектеп ұжымына мектебімізде құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысымен танысты. Сабақ соңында ұсынылған мәліметтер жөнінде ұжым сұрақтарын қойып ойларымен бөлісті.